Сыпайылық, сынықтық, әдептілік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сыпайылық, сынықтық, әдептілік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2884
Сыпайылық, сынықтық, әдептілік –
Сымбатыңа сыйымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан сүзілдіріп,
Сан жігітті қойдың сен дәметтіріп.
Сыңғырауың сырнайдай әлет күліп, –
Сымбатыңа сынымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан үзілдіріп,
Сан жігітті қойдың сен әлек қылып.
Суымайтын, сөнбейтін әдепкі үміт –
Сымбатыңа сыйымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан сызылдырып,
Сан жігітті қойдың сен әлек қылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері