Цыган қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Цыган қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2772
Цыган қыз суырып картасын,
Тосады жақын кеп қалтасын.
Шегіндің, не білдің, бауырым,
Қолыңды бекерге тартасың.
Цыганка күлімдеп қол жайды,
Ол сенің ойыңды болжайды.
Аңсаған адамың туралы
Ақтарып салады мол жайды.
«Бір жан бар тек саган ынтызар,
Жүзіңді көргеншс ынтығар,
Дейді ол қуантып сеніммен,
Кешікпей құшатын күн туар»
Болса да айтқаны өтірік,
Бойына жалынды от үріп,
Сол сөздің созыла түсуін
Сұрайсың сан рет өтініп.
Жаныңа жаңа жыр қонады,
Көңілің күйге шат толады.
Қатыгез қара қыз кешегі
Күлімдеп тұрғандай болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Цыган қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Цыган қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Цыган қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Цыган қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері