Таралған тобылғыдай

Бұл бетте «Таралған тобылғыдай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1436
Таранған тобылғыдай тәнің сұлу,
Сенде жоқ тәкаббарлық, тәлімсіну.
Ақ тілек ақ бұлақтай ақтарылған,
Жайдары жаз күніндей жаның сұлу.
Ерекше жаның сұлу жаратылған,
Оятып от сезімді, таң атырған.
Кіршіксіз күміс күлкің қоңыраудай,
Алтын нұр жанарыңнан таратылған.
Жалт еткен жанарыңнан жарық көрдім,
Қаяусыз көңіліңді анық көрдім.
Өзіңмен бірдей санап жұрттың бәрін,
Келеді жүрегіңді жарып бергің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таралған тобылғыдай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Таралған тобылғыдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таралған тобылғыдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таралған тобылғыдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері