Көркіңе сеніп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көркіңе сеніп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1386
Көркіңе сеніп,
Құбыла берме.
Желікке еріп,
Жығыла берме.
Арамға көніп,
Ығына ерме.
Арманның берік
Шыңына өрле.
Ұзамас көпке,
Өтеді жазың.
Жылыстап шетке,
Кетеді назың.
Біртіндеп бетке
Жетеді әжім.
Өткен күн текке
Етеді жазым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері