Тәңірге сенгенімнен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тәңірге сенгенімнен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1275
Тәңірге сенгенімнен,
Өрекпіп өр көңілмен,
Өлердей ғашық болдым,
Өзіңді көрген күннен.
Жанарың мөлдіреді,
Жараттың сен біреуді.
Қарай ма сірә саған,
Ұнатса ол біреуді?
Жаныңды түсінгеннен,
Сан рет кішірген ем.
Ол үшін мүсәпір ең,
Мен үшін ісінгенмен.
Сен мені менсінбедің,
Өзіңе теңсінбедің.
Өртеді өзегімді
Өзгеден кемсінгенің.
Отыңа күйетінмін,
Бәрібір сүйетінмін.
Түбі бір түзелерін
Түсінгем ниетіңнің.
Өшпейді үміт асыл,
Сен қашан жылытасың?
Өзіңді сүймес жанды
Қай күні ұмытасың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері