Жаңбыр – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңбыр» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1316
Түсімде жаңбыр төгіп тұр,
Терезе кағып, төніп тұр.
Сезініп келген көктемді,
Қызықты деймін молықтыр.
Ұнатып тамшы тарсылын,
Жаратып жасын жарқылын,
Жүгіріп шықпақ боламын,
Жалтырап балғын балтырым.
Тамшымен таза бұраңдай,
Тараған шашың шынардай.
Талпынсам-дағы төсектен,
Жатамын біраз тұра алмай...
Атыпты арай таң жаңа,
Іздеймін сені таңдана.
Жуынып жатыр екенсің,
Ағызып суды ваннада.
Дегенім жаңбыр сол екен,
Көңілің көсір көл екен.
Селдетіп келген көктем боп,
Сүйіктім жалғыз сен екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері