Көк түтін

Бұл бетте «Көк түтін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1200
Көк түтінге көміліп,
Жалғыз қалдым егіліп.
Ауса да түн жарымы,
Тарқар емес жан мұңы.
Едім кеше тоятты,
Тек таң бізді оятты.
Артта қалып жарастық,
Тым ертерек тарастық.
Қалқам, сенің алдыңда
Айыпты боп қалдым ба?
Кінәм болса, кешіргін,
Көк түтінді өшіргін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк түтін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көк түтін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк түтін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк түтін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері