Мен сені қалай көрдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен сені қалай көрдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2108
Мен сені қалай көрдім,
Қасыңа жанай бердім.
Жалт еткен жанарыңмен
Жаныма арай бердің.
Қыздарды талай көрдім,
Саралап санай бердім.
Ерекше бір өзіңе
Қадалып қарай бердім.
Білмеймін, қалай көрдім?
Қасыма қалай келдің?
Мерейлі нұр жүзіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Бағыма балай бердім.
Сүйкімді сымбатыңа
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім?
Еркіңе қалай көндім?
Келісті келбетіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Салтанат сарайға ендім.
Перизат періштеме
Өзіңді балай бердім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері