Момақан Ұлы жүздің баласымын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Момақан Ұлы жүздің баласымын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2135
Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздің баласымын.
Тарайтын төрт арысты Ошақтыдан
Тасжүрек Сейіт ата саласымын.
Жетісу жеті өзеннің сағасымын,
Тікелей таныр болса – Таласымын.
Аралап ағып келем әлі күнге
Сіңіріп санама мол дала сырын.
Сұлу сөз, әділеттің сарасымын,
Бағалай білгендердің дарасымын.
Құшағым оттай ыстық барлығына,
Орта мен Кіші жүздің ағасымын.
Алдыңда ақтарылған бар асылым,
Қазақтың кең пейілді баласымын.
Қысылма, қымтырылма, қалауыңды айт,
Өзіңе бересімін, аласымын.
Кісінің керек емес ласының,
Топ-топ боп тартысатын таласының.
Отырсақ өрімдей боп, бөлінбей көп,
Жырымыз таппайды ма жарасымын.

1970 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері