Өлең, жыр, ақындар

Мен – Үйсінмін

  • 06.08.2019
  • 0
  • 2
  • 10399
Мен – Үйсінмін, қауға берсең, қауға бер,
Қанағызып, үйренгем жоқ жаулап ел.
Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш,
Бауырларым, біздің асқақ тауға кел.
Мен – Үйсінмін, мал бақ десең, мал бағам,
Еш жамандық көргенім жоқ қауғадан.
Мен – Үйсінмін,Ұлы жүзбін, ұлымын,
Ұлымын деп, ұлылыққа бармағам.
Ортадан да, Кішіден де кішімін,
Ұлымын деп көрсетпеген қысымын.
Ел басына екіталай күн туса,
Екі інімнің найзасының ұшымын.
Мен – Үйсінмін, Ұлы десең, ұлымын,
Кісіліктің, кішіліктің құлымын.
Бөлінбеген еншім даяр, екі інім
Желбіретіп жетіп келсе тұлымын.
1972 ж. Мұқағали МАҚАТАЕВ



Пікірлер (2)

Күльшат

Мұқаңның өлеңдері керемет қой,әр бір сөзі саф алтындай!!!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Ас беру

  • 0
  • 0

Асымыз бар, бауырлар,
Келіңіздер, қауымдар.
Бұл жиыннан қалмасын
Алыс-жақын ауылдар.

Толық

Сен жатырсың құшағында ұйқының

  • 0
  • 0

Сен жатырсың құшағында ұйқының,
Мен отырмын қарауылдап үй түнін.
Тамылжыған тыныштықты тілгілеп,
Көңілімде көрмейді бір күй тыным.

Толық

Жалқаудың жауабы

  • 0
  • 0

– Қарағым, қалғыма,
Қарап отыр алдыңа.
Сөздің тұрасына келсек,
Дәптерің қайда, көрсет?!

Толық

Қарап көріңіз