Сұлулық ортақ әлемде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сұлулық ортақ әлемде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5251
Көркіңе шексіз құмартып,
Қадалар көздер мұнартып.
Бір адам ғана бір саған
Иелік ету тым артық.
Қосылған таңдап күйеуің –
Өмірлік сенің сүйеуің.
Ренжи көрмес ол оған,
Десе егер біреу: «сүйемін».
Сұлулық ортақ бар елде,
Сұлулық ортақ әлемде.
Ешқандай күнә емес-ті,
Сұлуды сүю, әменде.
Сұлуды сендей жаратқан,
Көркіне көпті қаратқан,
Алланы жазғыра алмаспыз,
Сөнбейтін сәуле таратқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері