Өлең, жыр, ақындар

Бұл дүние

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1762
Бұл дүние түзіледі мұнардан,
Мұнар деген бұлдыраған мың арман.
Ере келе, көре-көре аңдайсың,
Алдауменен, арбауменен құрылған.
Адамдарға сенуін-ақ сенесің,
Адалдықты кепілдікке кім алған?
Бір үмтің құшақ жайып тұрады,
Арайланып атқан таңдай кіл алдан.
Құшақ жайып алға қарай ұмтылсаң,
Тосыласың тосын келген тұманнан.
Тағы-тағы желпіндіре жетелеп,
Алға қарай тарта берер бір арман.
Қысқа ғұмыр қызығына алданып,
Бас айналар бір сәттілік құмардан.
Балаң менен қызың сені алдаса,
Қаның қайнап, кеудеңдегі шығар жан.
Алдар болса қасыңдағы қатының,
Сен-дағы бір бәйтерексің қуарған.
Әне, міне күнді күтіп құларман,
Саған қарап томсырая тұрар маң,
Жеткізбейді, жеткізбейді-ау ұлы арман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі де алда

  • 0
  • 0

Көктемнің күнінде
Мұңайып қалма.
Бақ қонар түбінде –
Бәрі де алда.

Толық

Неге қайттым Гаградан?

  • 0
  • 0

Гаграда болып едім,
Бір сұлуды көріп едім.
Жастық шақты есіме алып,
Ағыл-тегіл еңіредім.

Толық

Үй иесі мен тышқандар

  • 0
  • 0

Ұры шығып үйіңнен,
Кім екенін білмесең,
Күдік артқан күйіңмен,
Көрінгенге жала дауып жүрме сен.

Толық