Өлең, жыр, ақындар

Желбіресін Қазақстан жалауы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көк туым бар секілденіп жиналғандай бар арман,
Айбынды ел аймағына рәміз болып таралған.
Тәуелсіздік сыйы болар қазағымның көк туы,
Әрқашанда биіктерде желбіреуге жаралған.

Қыран бүркіт секілденіп көкке созған қанатын,
Ашық аспан аясында талмай қанат қағатын.
Сол бүркіттей Қазақстан биіктерге самғайды,
Көк аспаннан бейбітшілік жерлерге кеп қонатын.

Аспанымда күлген күнде болсын мәңгі шуақты,
Нұрға бөлеп тұрсын дайым жерін,тауын,қыратты.
Көк аспанда жарқырасын шуақ шашып жер көкке,
Осы күндей тәуелсіздік болсыншы тек тұрақты.

Оюы бар өрнектелген көк туында қазақтың,
Бабалардан қалған мұра ғажайыбы ғажаптың.
Көк байрағым аспанымда әрқашанда желбіреп,
Болсын мәңгі елімізде арайлаған азат күн.

Жалындасын,жалындай бер тәуелсіздік алауы,
Осы еді ғой аңсап күткен бабалардың қалауы.
Сақтап мәңгі әрқашанда егемендік тұғырын,
Көк аспанда желбіресін Қазақстан жалауы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желбіресін Қазақстан жалауы өлеңінің авторы кім?

azik720 — осы өлеңнің авторы.

Желбіресін Қазақстан жалауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Желбіресін Қазақстан жалауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде azik720 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желбіресін Қазақстан жалауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.