Күндемеймін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күндемеймін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1212
Мен біреуді қызғанып күндемеймін,
Қанша мықты болса да, піл демеймін.
Пілдің-дағы өзіндік шамасы бар,
Аяз бидей әліңді біл демеймін.
Өзін-өзі анша зор санағанмен,
Бола алмас пейілі даладан кең.
Тура сөзін өзгеге айта алмаса,
Алты жасар ақылы баладан кем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері