Жүрегімнің назары бір аруда – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Жүрегімнің назары бір аруда» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрегімнің назары бір аруда,
Ол арудың жүрегі басқа жанда.
Амал жоқ жүрегімді бұйыра алмай,
Ала алмаймын өзіңнен бас тарта да.

Жүрегіммен алыстым уақытында,
Қанға да, жанға да жағатын ба?
Көптен күткен айменен бір болмасам,
Тағдырым жүре бермек жалғыздықта.

Барды салдым жетпейтін махаббатқа,
Қарамадым көз бұрып қол созғанға.
Қолда бар да қадірін біле алмадым,
Тастап кетті сол алтын жалғыздықта.

Үзбедім үміт отын қиналсам да,
Төрт қабырға төрінде қамалсам да.
Жеткізбесін білемін бұл бақыттың,
Келер жанға ендігі жабырқауда…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері