Бүркіт пен ара – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бүркіт пен ара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1590
Бақытты ғой еңбек еткен ерінбей:
Соның өзі дем берер,
Ондайларды бағалайды өңгелер,
Бірақ, өзі жүре берер көрінбей.
Еткен еңбек, төккен терін бұлдамас,
Атақ қуу жатпайды да салтына.
Мақсаты оның бір ғана –
Үлес қосу жалпыға.
* * *
Бірде көріп гүл айналған Араны,
Деді Бүркіт жаратпаған пішінде:
«Неткен сорлы ең, қарағым,
Қандай мән бар істеп жүрген ісіңде?
Салсаң да ұя мыңың болып жабылып,
Сенің ісің танылып,
Біліп жатыр кейін кім?
Керегі не тап осындай пейілдің?
Ғасыр бойы тер төгіп, қандай қызық көресің?
Белгісіз боп бәрібір көппен бірге өлесің.
Арамыз алшақ қандай бір!
Қанатымды қаққанда мен талмаймын,
Бұлттан да асып самғаймын.
Қорқыныш боп жан-жағы,
Қанаттылар маған жақын ұша алмас.
Кірпік қақпай малшы біткен малдағы,
Жүйрік деген Бөкен сынды аң-дағы,
Көзіме еркін түсе алмас».
Ара айтты: «Арта берсін атағың,
Жомарттығын аямасын Зевс те!
Ал, мен көппен жұмыс істеп жатамын,
Іздемеймін белес те,
Сол да бақыт емес пе,
Тамшы балмен толтырсам бал қатарын?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүркіт пен ара өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бүркіт пен ара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүркіт пен ара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүркіт пен ара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері