Тришканың тоны – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тришканың тоны» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1166
Тришканың тоны жеңнен жыртылды,
Ойланбастан инеге ол ұмтылды.
Жеңін қырқып, жасап еді ол ұсталық,
Шыға келді шынтағынан қысқарып.
Төрттен бірі кемігені сөз бе екен?
Қайғыратын кез бе екен?
«Ақымақ», – деп оны көрген ел күлді,
«Мен ақмақ емеспін», – деп ол жүрді, –
Түзетем де мінімді,
Жеңді ұзартам қалпынан да бұрынғы».
Тришкадан ес кеткен!
Кесілді енді етегі.
Киді тонын ұялмастан еш көптен:
Әрине, ұзын бешпеттен
Шолтаң-шолтаң етеді.
* * *
Кей мырзалар жүргендей боп тындырып,
Істі бүлдіріп,
Тришкадай тон киіп,
Көрінеді сырт көзге құр қомпиып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тришканың тоны өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тришканың тоны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тришканың тоны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тришканың тоны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері