Түлкі – құрылысшы

Бұл бетте «Түлкі – құрылысшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1233
Бір Арыстан тауықтарды ұнатты;
Кемшілігі болды оның бір ғана:
Ғажап емес бұл жаңа!
Тауығында қора жоқ-тын тұрақты.
Бірде оларды ұрлады,
Қаңғып кетіп, бірде өздері тұрмады.
Бұл шығынға бір әрекет қылғалы,
Ойлады ол соққызсам деп қораны;
Осылайша түзеп алып тірлігін,
Ұрылардың тыйса Арыстан ұрлығын,
Айқын еді бір кеңшілік болары.
Арыстанға біреу хабар береді:
«Түлкі нағыз құрылыстың шебері».
Түлкі іске кірісті,
Жақсы бастап, аяқтады жұмысты.
Әрине, ол тырысты,
Жұмсап күш пен өнерін;
Айналдыра қарап жатыр ел оны.
Не керектің бәрі де бар, қара, бар:
Тауық қонар тұғыр да бар, жем де бар,
Суықтан да, ыстықтан да пана бар,
Жұмыртқаны басатұғын жер де бар.
Тұрды Түлкі атақ-даңққа орана,
Алды және аса қымбат сыйлықты.
Берді Арыстан бұйрықты:
«Барлық тауық көшсін жаңа қораға».
Көшіргенде иесі одан нені ұтты?
Қанша биік болғанымен қақпасы,
Есіктерін қанша мықтап жаппасын,
Тауық санын сағат сайын кемітті.
Күзет қойып Арыстан, ұры кім деп қыстады,
Сонда кімді ұстады? –
Зұлым Түлкі – ұстаны.
Ешкім сия қоймастай қып есікті,
Жасапты да ол, қабырғаны тесіпті,
Өзі кіріп жүретұғын тұста бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі – құрылысшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түлкі – құрылысшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкі – құрылысшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкі – құрылысшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері