Теңізші мен теңіз
Бұл бетте «Теңізші мен теңіз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толқынменен құм жағаға шығып қап,
Қалжыраған Теңізші кетті ұзақ ұйқыға.
Ояна сап, Теңізге тиісті ол құйтыға:
«Сенсің, – деді, – бүлік нақ!
Жатқандай боп тыныстап,
Бізді өзіңе шақырасың, арбайсың,
Сөйтесің де, түгел жұтып жалмайсың».
Сонда Теңіз толқынымен ырғақты
Теңізшіге тіл қатты:
«Мені айыптап, текке кінә тағасың,
Менде жүзу қауіпті емес, қарашы.
Туласа егер тұнық теңіз тұлданып,
Онда оған айыпты сол ұлдары:
Солар мені мазалайтын азынап,
Егер маған сенбесең,
Байқап көрші өзің-ақ.
Жолға шыққын кемемен желдің үні сөнгенде,
Салмақтырақ болам сонда жерден де».
Тура айтамын – дұрыс ақыл, шындық сол,
Бірақ, желсіз желкенмен орныңнан тек жылжып көр.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі