Жылан мен қозы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жылан мен қозы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1505
Жатты Жылан астауда,
Бар өмірге ол қас еді,
Жүрегі де тас еді,
Ой болмайтын өшпендіктен басқа онда.
Келді жақын Қозы суға қанғалы,
Жылан жайлы есіне де алмады.
Шаққан кезде Жылан төгіп тез уын,
Басы айналып, көзі тұнды Қозының.
Қаны қайнап, батып бұлдыр тұманға:
«Жазығым не?» – деді әрең Жыланға.
«Кім біледі, жеттің бе әлде тез жүріп,
Өлтіруге, – деді ысылдап Жыланың, –
Сақтық үшін кейде осылай қыламын».
«Жоқ!» – деп Қозы табанда өліп кетті көз жұмып.
* * *
Жүрегі тас, кеудесі көр, бос тіпті,
Сезбегендер махаббат пен достықты,
Барлығына қаскөйлікпен қарайды,
Өзгені де тап өзіндей санайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері