Өлең, жыр, ақындар

Мысық пен бұлбұл

  • 09.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1757
Мысық ұстап Бұлбұлды,
Бүріп тұрып тырнақпен,
Былай деді жұмсақ үнді ырғақпен:
«Әншім менің сыңғырлы,
Естіп жүрмін, мақтайды жұрт әніңді,
Әншілермен қатар қойып кәдімгі.
Сезгем Түлкі сөзінен:
Дауысыңның ғажаптығы соншалық,
Әндеріңді тыңдағанда тамсанып,
Барлық малшы танады екен есінен.
Енді соны өзіңнен
Шын тыңдасам деп едім.
Шиқылдама бос қырсығып тарыла,
Қорықпағын, тұрғаным жоқ жегелі.
Бірдеме айтсаң, еркіндік ап тағы да,
Жетесің тез орман, тоғай бағыңа.
Әлде, сенен кем түсетін мен бе екем?
Пырыл қағып, өзімді-өзім тербетем».
Тұтқындағы ол сорлыда не қалды –
Бұлбұл болса әрең-әрең демалды.
«Ал, кәнеки, – деді Мысық қайта бір, –
Аз да болса әніңді сап байқағын».
Әнші ән салмай, тек қиқылдып зорланды.
«Осы ма әнің маужыратқан орманды? –
Мысқылдай ол сұрады, –
Қайда сол күй бұлағы,
Мақтаған ел анықтан?
Үйде де бар бұл шиқыл –
күнде тыңдап жалыққам.
Көріп тұрмын, әнге шебер емессің,
Шиқылдайсың беталды.
Ал, аузымда тәтті емеспін демексің», –
Деп әншіні жеп алды,
Қалмады одан қылқан да.
* * *
Мысал мәнін айтар болсам, ал тыңда,
Бұлбұл шырқай алсын ба,
Мысық бүріп тұрғанда?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл көріністері

  • 0
  • 0

Нұрландырып өңірді,
Алтын арай төгілді.
Шаруалар шып-ширақ
Шықты тысқа көңілді.

Толық

Маскүнем мен Молда

  • 0
  • 0

Маскүнем мен Молда
Жолығып қалды жолда.
Таңырқаған Молда
Былай деді сонда:

Толық

Не болар еді?

  • 0
  • 0

Көшуін қойса тырналар,
Не болар еді?
Жерде жүрген,
Рас, бәлкім, мол болар жемі.

Толық

Қарап көріңіз