Өлең, жыр, ақындар

Кәрі арыстан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3029
Мықты Арыстан – айбаттысы орманның
Қартайды да күші азайып, күй кетті.
Тырнақ пенен тіс мұқалып қорланды –
Жауларына қорқынышты болған мұң,
Аяқтарын әрең-әрең сүйретті.
Ауруы да көбейді,
Аңдар енді оны айбарлы демейді.
Оларға еткен зорлығы үшін бұрынғы,
Әрқайсысы мазақ қылып ұрынды:
Айғыр теуіп тұяғының күшімен,
Қасқыр жұлқып тісімен,
Бұқа сүзді өткір мүйіз ұшымен.
Арыстанды мықтап буып бұ қырсық,
Өмірінің тоса түсіп ақырын,
Шығара алмай батыл үн,
Жатты жайлап ыңырсып.
Байқап қалып Есектің де жеткенін,
Қайқайта бір тепкелі,
Осал жерден соққы беріп тажалды:
«О, Құдайым, – деді Арыстан өксіп бір, –
Неге сонша сорлы болдың көз шыққыр?
Кешіктірмей жібер маған ажалды.
Сол дұрыс бір есептен,
Мұндай қорлық көргенімше Есектен».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәрі арыстан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кәрі арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кәрі арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәрі арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері