Қамқор – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қамқор» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1448
Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна, – дей ме, – берiрек»,
Енесi тұр мөңiреп.
Қайырып мен келейiн,
Жарысып бiр көрейiн.
Ал кешқұрым болғанда,
Апам сиыр сауғанда:
«Бұзауға сүт қалсын», – деп,
«Тоя емiп алсын», – деп,
Шықпаймын мен жанынан,
«Көп саума», – деп жалынам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері