Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен ат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1479
Бір Шаруа сұлы екті,
Мұны көрген жас Ат бір
Міңгірледі бұған талдау жасап бір:
«Қанша сұлы сепкен түріп білекті!
Естуші едім ақылды деп Адамды.
Жерді жыртып боршалап,
Ластандырып соншама,
Сұлысын ол босқа шашып тастаған,
Берсе еді ғой маған яки басқаға.
Тауықтарға яки шашып тастаса,
Барлығы да болар еді басқаша.
Тығып қойса немесе, дер едік қой сараңдық,
Текке шашып тастады – барып тұрған надандық».
Күз болғанда Шаруа егінжайын шапты орып,
Атын бақты ақыры сол сұлыны сап беріп.
* * *
О, оқушым, сенем бұған күмәнсіз,
Аттың ойын қолдамайтын шығарсыз.
Ертеден-ақ, тіпті осы заманда
Кейбір топас надандар,
Тағдыр жайлы бұлаңсыз
Жүр емес пе көпіріп,
Алдағысын өзі білмей отырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен ат өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен ат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шаруа мен ат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен ат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері