Өлең, жыр, ақындар

Арыстан мен тышқан

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1832
Арыстаннан Тышқан жайлап сұрады,
Жақынырақ қонса екен деп тұрағы.
Және айтты: «Тұрғанда ну орманда,
Атақ, даңқың кем емес,
Күш жөнінен саған ешкім тең емес,
Бір ақырсаң, жұртта зәре қалған ба?
Болашақта не болады бұл күнің?
Не керегін айта алады кім бұрын?
Қарама шақ денеме,
Мүмкін, жарап қалармын бір кәдеңе».
«Сен бе, сорлы? – деді Арыстан ақырып, –
Қарасаңшы өзіңе.
Бұл сөз үшін өлер едің, пақырым,
Жоғал енді көрінбестен көзіме,
Әйтпесе, еш сүйегің де қалмайды».
Састы Тышқан естімеген ондайды,
Зытып берді баурына алып аяғын.
Арыстанның тек кетпеді паңдығы,
Шыққан кезде іздеп түстік тамағын,
Торға түсіп қалды бір.
Күш, айқай-шу – бәрі іске аспай тыс қалды,
Ары-бері жұлқынғанмен жан шыға,
Олжа болып қала берді аңшыға,
Ел көрсін деп тор ішінде ұсталды,
Сонда Арыстан есіне алды Тышқанды.
Аян еді оның бір іс істері,
Қияр еді торды өткір тістері,
Өкініштен өз тырнағын тістеді.
* * *
Иә, оқушым, бұл шындық.
Мысалдағы елге мәлім бұл сырды ұқ –
Қосыларсың халық айтқан пікірге:
Құдыққа сен түкірме,
Су ішерсің түбінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күйші қыз

  • 0
  • 0

Тағы күй,
Адамның жаны күй,
Өмірдін сәні күй,
Көңілдің таңы күй.

Толық

Ерке қыз

  • 0
  • 0

Қылығың керемет сиқырлы,
Пейіштен келдің бе?
Хор қызы секілді сүйкімді,
Сұлусың сен мүлде.

Толық

Қызығу

  • 0
  • 0

Бір мүгедек бара жатты көлікпен:
Мүгедектерге арналған
Машинаға таңданған
Кейіппен

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар