Өлең, жыр, ақындар

Әкім

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1439
Аса күйлі тұратын
Ертеректе бір Әкім
Барған екен Плутонға өлген соң,
Достары оны көмген соң.
Әдетінше тамұқ соты сұрапты:
«Қайда тудың, қайда тұрдың тұрақты?»
«Әкім едім, Персия ғой мекенім,
Туылғаннан әлжуаздау екенмін.
Елді өзім басқармадым, тап шыным,
Билігіне беріп қойдым хатшының».
«Не істедің?», «Іштім, жедім, мол тойдым,
Хатшы берген қағаздарға қол қойдым».
«Онда, кіргін пейішке!» «Әділеттік қайда бұл?» –
Деп Меркурий айқайлады жайға бұл.
Эак айтты: «Ағасы,
Түк ұқпайсың шамасы.
Өлікке анық қарашы, ақымақ қой санасыз!
Тап осындай билікпен
Тамам іске киліксе,
Сорға батып өлкеміз,
Жүрер едік жылап та.
Істен жырақ қалғаны үшін, сенсеңіз,
Кіріп отыр жұмаққа».
* * *
Соттар бар ғой теріс кетер кей істе,
Онда олар да кіру керек пейішке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын дән

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Ен жайлаған сансыз мал
Ел мен жердің көркі екен.

Толық

Келін хикаясы

  • 0
  • 0

Оң ба, әлде теріс пе,
«Тақиялы періште»
Деген фильм кергенбіз,
Күлкіден бір өлгенбіз.

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Алтын таңмен арайлы
Жайқалар бақ балбырап.
Гүлдендіріп маңайды,
Анарлар тұр албырап.

Толық