Осындай менің жеңешем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Осындай менің жеңешем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1818
Шаялап қалған борсықтай болып,
Домалап қалған торсықтай болып,
Тарақандары безіп жүреді,
Үйінің ішін кезіп жүреді.
Кезіксе қайыны мұның не деген,
Береді жауап күлімдеп ерен:
Жайлауда жүрген биеміз бар ма?
Айдауда жүрген түйеміз бар ма?
Қорада үрген итіміз бар ма?
Күпіге кірген битіміз бар ма?
Кайтесің ғажап, қайным, осы?
Қалалы жердің байлығы осы.
Өзі де бір өсімтал екен.
Тамаққа да төзімтал екен.
Жұғындымен-ақ күнін көре береді,
Кез келген жерде өре береді.
Ешкімге залал-зияны жоқ,
Жүре берсін де ұялы боп...»
Асыра айтты деме сен,
Осындай менің жеңешем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері