Сыйлық пен бұйрық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сыйлық пен бұйрық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1664
Асыра орындап жоспарын,
Сыйлығын жуды Қошқарың.
Сіміріп қызыл, ағыңды,
Алдымен өзі қағынды:
Түрткілеп тентек Текені,
Ісіріп алды шекені.
Содан соң төргі жақтағы
Бұқаны барып даттады,
Қошқардың болса есі бар,
Күштіні даттап несі бар?
Келер күн жиып «достарды»,
Жұмыстан қуған Қошқарды,
Бастықтың шықты бұйрығы,
Құрысын бүйткен «сыйлығы».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері