Бұл бетте «Жұмбақ күшік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзін ашып алды да,
Қарады Алдан алдына.
Бір шалшыққа құлапты,
Ұзынынан сұлапты.
Етпетінен түсіпті,
Жарқырата құсыпты.
Жалап жатқан құсықты
Көрді-дағы Күшікті,
Өткен істі бастағы
Есіне ала бастады:
«Айлық алған күн еді,
Қасымдағы кім еді?
Әлгі... әлгі... жықпыл бет,
Жылмаңдаған Жұтқынбек.
Асханаға барғанбыз,
Керегінше алғанбыз.
Арақ іштім – құсыппын,
Шарап іштім – құсыппын.
Үйрек жедім – құсыппын,
Бүйрек жедім – құсыппын.
Ал мына бір Күшікті,
Күшік емес – түсікті
Жеген едім несіне?
Түспей-ақ тұр есіме.
Әлде осы Күшікпен
Кеше бірге ішіп пе ем?»...
Алдан отыр қайран боп,
Ақылы дал айран боп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі