Қонақ қоян

Бұл бетте «Қонақ қоян» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1409
Қоян тым шаршап кірді,
Жатуды аңсап кірді.
Қонақүй әкімшісі
Қасарып Қарсақ тұрды:
– Орын жоқ, өл деймісің?
Айтқанға сенбеймісің?
Жолдамаң есеп емес,
Қаптап жүр сендей мүсін.
Қоянның қиналғанын,
Қайтуға жиналғанын
Қу Түлкі көріп қалып,
Деді оған:
– Иланбағын.
Ойланып көрмеймісің,
Бос сөзбен өнбейді ісің.
Орын шын керек болса,
Бес-он сом бермеймісің.
Қоянға «ақыл» кірді,
Қарсаққа батыл кірді.
Содан соң жақсы орынға
Шірене жатып жүрді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонақ қоян өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қонақ қоян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қонақ қоян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонақ қоян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері