Өтірік өлең

Бұл бетте «Өтірік өлең» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4453
Айтпайын көңіл сенбес қиыспасты,
Үмітім арманыммен жиі ұштасты.
Мазасыз тіршілікті иеленіп,
Қуанам болғаныма жұмыс басты.
(М.ӘКІМХАНОВ. Шалқия. 18-бет)
Айтпаймын өлтірсен де өтірікті,
Асау бір ауыздықтан кекілікті,
Дегенде жеті сағат жетіп барып,
Жеті ақын Ай үстінде отырыпты.
Атпаймын өлтірсең де өтірікті,
Жеті ақын Айда бірден жетіліпті.
Тегін, мол ұйқас тауып,
Теңдеп алып,
Жалма-жан жерге қарай секіріпті.
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Жеті ақын жерге жетіп лепірінті...
Түс көріп жатыр екен,
Жұбайлары:
«Түс болды,
Тұрыңдар!» – деп жекіріпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтірік өлең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өтірік өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтірік өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өтірік өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері