Мырзан Мырзаға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мырзан Мырзаға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1248
Ей, Мырзаным, Мырзаным,
Мен өзіңе ырзамын:
Адамға ақыл айтатын,
Айтқанда батыл айтатын.
Уытты сын айтатын,
Айтқанда шын айтатын,
Маңдайы қасқа
Сенен басқа
Қазақта жан жоқ секілді,
Бойларында қан жоқ секілді
Намыс пен ар жоқ секілді.
* * *
Сақтар болсақ намыс пен қанымызды,
Алла сақтар жанымызды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері