Көзіңдегі сырды үнсіз – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Көзіңдегі сырды үнсіз» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1274
Көзіңдегі сырды үнсіз,
Ұғушы едім.
Шақырғанда кірбіңсіз,
Шығушы едің.
Екеуміз де бал құрақ,
Балауса едік.
Атқан таңға албырап,
Қараушы едік.
Ажырассақ сағынып,
Қалушы едік.
Ақ жүректе ақ үміт
Жанушы еді...
Сол күндерден қалды іздер,
Жосылып-ақ.
Тынышталдық ал біздер,
Қосылып ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері