Кредит – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кредит» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4563
Елеңдетіп өзгелерді,
Кредит сөзге келді:
Мені жұрт «Кредит» дейді,
Кредиттің айтылар аты нағыз
Несие немесе қарыз.
Қайырымды жандар о бастан
Жоқ-жітімдерге қарасқан.
Жүрек жалға деп, нанын берген,
Сауын қыл деп, малын берген.
Оны қарыз, несие демеген,
Қайтарып алу есіне де келмеген.
Несие деген кейін шықты,
Заманына бейім шықты.
Біреуге қарыз берсе, өсім алатын болды,
Пайдасын еселеп, көсіп алатын болды.
Қарызын кезінде өтей алмаса,
Үстіндегі шапанын шешіп алатын болды.
Ал. қазіргі жекешелендіру заманда
Адамның жаны ашымайды адамға.
Жүре алмай, сал боп жатып қал,
Мейлі, аштан өліп, қатып қал,
Оған ешкім қайғырып қарамайды,
Керісінше, дұрыс бопты деп табалайды.
Банктер болса кредитке өсім қосады,
Белгілі кесім қосады.
Онысы 15-20 пайыздан кем болмайды,
Кемітетін ем болмайды.
Қазақтар оған қарамайды,
Тірлікті бір-ақ күнмен бағалайды.
«Айдалада батпан құйрық,
Неғып тегін жатқан құйрық?»
Демей-ақ несие алып,
Ақшаны көсіп алып,
Өзгелерден асырып,
Той жасайды шашылып.
Алайда, көп кешікпей,
Арты қалады ашылып.
Өйткені, банк бергенінен артық алады,
Кепілге қойған мүлкін тартып алады.
Әсіресе, обал жастарға,
Жаңа тұрмыс бастарға,
Кредитке үй алады,
(Үйсіз қайда сия алады?)
Бірақ, қарыздан құтылар ақшаны
Қалай жия алады?
Шегеріп ас пен киімді,
Кредитке деген тиынды
Тырнақтап жиып отырады,
Ай сайын банкке құйып отырады.
Зейнет жасына келгенше,
Кейде өлгенше,
Кредит мойындағы қамыт болады,
Өмірі тамұқ болады.
* * *
Адал сөзін бір Алла
Анық айтқан Құранда.
Өсім қосу қарызға
Жатпайды еш парызға.
Өзгеге көмек бергенің –
Иманыңа келгенің,
Парызы сол – пенденің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кредит өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кредит өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кредит өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кредит өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері