Өлең, жыр, ақындар

Жала мен пара

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1394
Пара мен Жала кезікті,
Бірін-бірі тез ұқты.
Сөзді Пара бастады:
– Екеуміз мүшеміз бір бастағы.
Турасын айтсам бірден,
Барлық бәле Тілден.
Қисынын қиыстырып,
Бір арнаға сиыстырып,
Жазықсыздың келтіріп жазасын,
Таппағанды табасың,
Түрлі жала жабасың.
Басына іс түссе не шара,
Тырбанып бейшара,
Құтылу үшін пара береді,
Мен оны ала беремін.
Қалтаға сала беремін.
– Иә, – деді Жала да, –
Мен себепші параға.
Қол болмаса, параны
Кім қалай алады?
Екеуіміз бір дененің
Құрсақ та екі бөлегін,
Алыс емес іргеміз,
Қашанда біргеміз.
Көмектесе қойшы деп,
Қолқа саламыз кімге біз?
Мені – Тіл, сені – Қол дейді,
Әділетті бол дейді.
Қайдағы әділет, шындық?
Мына заман сұмдық.
Парасыз күнің жоқ,
Жаласыз үнің жоқ.
Мен Жала болып,
Сен Пара болып,
Қылмысты жасап келеміз,
Тойымсыз асап келеміз.
Жұрт не десе, о десін,
Сен маған бөлесің.
Бір денеге мүшеміз,
Бірге ішеміз.
Не көрсек те бірге көреміз,
Табысты бірге бөлеміз,
Бөлінеміз неге біз?
Өлсек те, бірге өлеміз.
Бас бас болғанымен,
Қылмасқа қас болғанымен,
Бізді басқарудан қалған,
Уысынан шығарып алған,
Өйткені, мына жалған
Жала мен Параның ұясы,
Оны қалай қиясың?
Еркін өмір сүре береміз,
Жазасыз жүре береміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалқау

  • 0
  • 0

Көктемде мен апаммен
Көшет ектім күн ұзақ.
Қарындасым ағаммен
Ойнап кетті тым ұзап.

Толық

Шаруа мен жылан

  • 0
  • 1

Шын қадірлі болғың келсе халыққа,
Танысың мен достарыңды анықта.
Бір Шаруа Жыланменен дос болды.
Жылан залым шіркін де,

Толық

Менің махаббатым

  • 0
  • 0

Көрдім сені көктемде,
Жаңбыр жауып өткенде,
Бара жаттың көтеріп қолшатырды.
Табиғаттың ғажабы-ай,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар