Өлең, жыр, ақындар

Қос дипломды шенеунік

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1124
Қос дипломды бір бастық,
Қызметкерлеріне дүр бастық,
Бірінші сыныпта оқитын баласын
Дейтұғын «сен данасың».
Сол баласы бірде
Еркелеген түрде,
Үйге берген есепті
Әкесіне көрсетті:
– Әке, есепті шешуге көмектес,
Мұғалімге көрсетуге керек тез.
Әкесі есепті әрі айналдырды,
Бері айналдырды,
Тасқа ұрынғандай алып бір,
Шеше алмай, қиналып жанықты.
Сонда баласы былай деді:
– Екі диплом алып құр,
Есеп шығара алмасаң анық бір,
Қалай басқарып жүрсің халықты?
Ұялған тек тұрмас дегендей,
Әкесі былай деді бөгелмей:
– Заман басқа, заң басқа,
Бүгінгі талап, ән басқа.
Кеңес кезінде алған диплоды
Бүгінгі таңда шаң басқан.
Көпті басқаруға,
Үлкен қызмет атқаруға
Диплом емес, ақша керек,
Тірек болатын қасқа керек.
Бала түкке түсінбеді,
Бірақ, әкесін іштей мүсіркеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Албанға

  • 0
  • 0

Райымбек секілді батыр берген,
Мұқағали секілді ақын берген.
Албан елі қашанда қасиетті,
Сондықтан да, жаныма жақын көргем,

Толық

Қозы

  • 0
  • 0

Естімеген елде көп қой, бұл шындық:
«Мен туралы не десе ел, о десін,
Көңілім пәк, жаным таза мен өзім!»
Оған қоса керек және білгірлік,

Толық

Ағайынға жағынба

  • 0
  • 0

Ағайынға жағынба,
Жалбарынып, жалынба.
Бағаң сенің бес тиын,
Отырмасаң тағыңда.

Толық

Қарап көріңіз