Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1794
Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген,
Ай сәулесі шаңытып білінбеген.
Арқаның айлы жарық түнінде мен
Ат шанаға мініп ап жол шығушы ем,
Жүректегі алысып дүбірменен.
Сықыр-сықыр сары аяз сықырлайтын,
Ай сәулесі сіңбейтін, жұтылмайтын.
Сылаң қағып, сынап ап сылқылдайтын,
Қарымынан тұяқтың құтылмайтын.
Көсем жорға делбені қақтырмай-ақ,
Делебені сезгенде қылпылдайтын.
Сан мың жұлдыз сәулесі таматұғын,
Дала – мұхит тұтасып жанатұғын.
Пердесіндей періште қанатының
Қабағыма ақ қырау қонатұғын...
Аңыздарда айтатын «қадыр түні»,
«Қадыр түні» осы түн болатұғын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері