Ас деген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3951
Сөзін тыңда халықтың:
Ас арқау ма, атау ма?
Айта алады анық кім,
Аузы барып атауға?
«Тарта жесең, тай қалар,
Қыса жесең, қой қалар».
Ақылды жан қайда бар,
Мұны тыңдап, ойланар?
«Ауру астан» дегенді
Пенде бар ма ұғатын?
Мақтан тұтпа жегенді,
Мес қарын боп шығатын.
Бөшке ме еді қарының
Бәрін тыға беретін.
Астан тыныс тарылып,
Кезің келер өлетін.
Білу керек бар қауым
Астың дұрыс атауын:
Тарта жесең – арқауың,
Артық жесең – атауың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ас деген өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ас деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ас деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ас деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері