Өлең, жыр, ақындар

Асқар таулы, дарқан даласы бар

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4586
Асқар таулы, дарқан даласы бар,
Астанадай шаңқан қаласы бар,
Ел басқарған дана баласы бар,
Жасай бер ғажап Қазақстан!
* * *
Ашық аспан айдыны,
Нұрын шашқан ай, күні,
Дариядай байлығы,
Асқақтаған айбыны,
Отаным – Қазақстан.
* * *
Қазақстан – кең елім, кең мекенім,
Қиялымды көгіңде тербетемін.
Масаттана әлемге мақтан етем
Жасампазы жандардың сенде екенін.
Байлық пен бақытқа бөлеген,
Еңселі елім бар егемен.
Көз тартқан Ақорда Астанам,
Шалқыта жырлаймыз асқақ ән.
* * *
Қазақтың нұр болып ғасыры,
Ел бастап ерекше асылы,
Атағын әлемге асырды,
Елім мен қазағым – халқымды.
* * *
Отаным бар, аялаған анам бар,
Мызғымайтын асқар алып панам бар.
Мені мынау жұмыр жердің үстінде
Ең бақытты азамат деп санаңдар.
Қазақстан – Отаным,
Алыс кеткен атағың.
Бір өзіңе қашанда
Арналады шат әнім.
* * *
Қазақстан – кең дала,
Қазақстан – ел жаңа.
Баянды бақытқа
Бастаған ер дана.
Асқарлы тауы бар,
Бақшалы бауы бар.
Бірлігі жарасқан,
Көп ұлтты қауым бар.
* * *
Еліміздің ұланымыз,
Еліміздің жыр-әніміз.
Қияндарға қанат қаққан
Көгіміздің қыранымыз.
Еліміздің түлегіміз,
Жеріміздің гүл-өңіміз.
Ел деп соққан, жер деп соққан
Жұдырықтай жүрегіміз.
Шалқып-тасып шаттанамыз,
Жүрек жырын ақтарамыз.
Егеменді еркін елде
Тұрамыз деп мақтанамыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайырымды қарлығаш

  • 0
  • 0

Ерте, ерте заманда
Жылан патша болыпты.
Таңдамапты табанда,
Кез келгенді сорыпты.

Толық

Қобыз

  • 0
  • 0

Күйші бала өзінің
Қысып ұстап қобызын,
Міне, былай...
Күй тартқанда керемет,

Толық

Тышқандар

  • 0
  • 0

«Сіңлім менің, сездің бе сен сұмдықты?!
Тышқанға айтты қасындағы бір Тышқан, –
Байқаймысың, кемемізден су шықты,
Тесілген-ау бір тұстан.

Толық

Қарап көріңіз