Ерасылдың «ерліктері» – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерасылдың «ерліктері»» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2009
(Пародия)

Ерасыл нағыз «ер» екен,
Кім басқаша дер екен?
Қаражатты мол тауып,
Парламентке жол тауып,
Депутат боп сайланды,
Көңілі бір жайланды.
Сәлден соң сол сабазың
Белсендіге айналды.
Сөз төркіні астарлы,
Бәрі тілден басталды:
«Ақылы асқан данамыз,
Айтқан Абай бабамыз:
Орыс тілі құдірет,
Дүниенің кілті деп.
Тілін білсең орыстың,
Жол ашылып, толыстың»...
Бізге берген қол ұшын,
Орыс тілін сол үшін,
Өле-өлгенше жақтаймыз,
Одан жақын таппаймыз...
* * *
Сол Ерекең ер екен,
Тағы да не дер екен?
Шеттен келсе оралман,
Не күтеміз олардан?
Орыс тілін үйренсін,
Сөйтіп, біздің күйге енсін...
* * *
Сол Ерекең ер екен,
Тағы да не дер екен?
Өз аулына барғанда,
(Қазақша ұмытып қалған ба?)
Тек орысша сайраған,
Бағытынан таймаған.
Сөйлеңдер деп орысша,
Бауырларын қайраған..
* * *
Ерекең шын «ер» екен,
Кім басқаша дер екен?
Ерліктері жетеді,
Одан да әрі өтеді
Бар шығар бір есебі,
Кеңесті аңсап кешегі,
Еске алыпты Ленинді –
Пролетариат көсемін.
Билер менен хандардан
Несі оның кем дейді.
Ескерткішін заңғардан
Қоюымыз жөн дейді.
* * *
Қалмақтармен соғыста
Қырғын салса Қабанбай,
Арқа сүйеп орысқа,
Шықты Ерекең оқыста,
Мына біздің заманда-ай.
* * *
Дара шығып қатардан,
Дарабоздай ат алған.
Ерасылға лайық
Халық батыры – «Қаһарман».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерасылдың «ерліктері» өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ерасылдың «ерліктері» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерасылдың «ерліктері» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерасылдың «ерліктері» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері