Уқалау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Уқалау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2013
(Массаж)
Айламен алып еркіңді,
Өтірік емдер дертіңді,
Барсаң сен балгер-бақсыға.
Балқытып бүкіл тәніңді,
Қыздырар бойда қаныңды,
Уқалау деген жақсы да.
Балгерге барсаң – ұтылдың,
Айықпас дертке тұтылдың,
Ауруға ауру жамарсың.
Уқалау алсаң маманнан,
Шаншу да қашып қадалған,
Жан рахатын табарсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері