Баптаудамыз кімдерді?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1097
Көтеріліп, көктен қарап аңғарға,
Халық қамын ойлайтұғын жан бар ма?
Өз төлі үшін, өз жері үшін жан беріп,
Өз өрісін аялаған аңдар да.
Ал, адам ше?
Қалып қойған аңнан да,
Халық қамын қаперіне алған ба?
Билік үшін, байлық үшін табанда
Барлығын да сатып кетер жалғанда.
Оның баласы нені танып болады?
Әкесінің иығына анық қонады.
Туған жердің топырағын баспаса,
Ондай бала қайда барып оңады?
Тәрбиелеп, кімді өсірдік сонда біз?
Найза емес, ұстағаны қолда біз.
Біреулерді бізбен түйреп өлтірсе,
Әкесіне жалынады: «Қолдаңыз!».
Иә, әкесі жазықсызды даттайды,
Қара ниет өз баласын жақтайды.
Ондай бала өзге түгіл өзінің
Қара басын қалайынша ақтайды?
Сонда біздер баптаудамыз кімдерді?
Сонда біздер мақтаудамыз кімдерді?
Елім, жерім деген ұғым болмаса,
Не болмақшы күндеріміз ілгергі?
Адамдардың пиғылдары өзгерді,
Өзгергенін мына құрғыр көз көрді.
Түсу үшін тура жолға тайсалмай,
Бұлқынатын, жұлқынатын кез келді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баптаудамыз кімдерді? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Баптаудамыз кімдерді? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Баптаудамыз кімдерді? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баптаудамыз кімдерді? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері