Балалық шақтай кешегі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Балалық шақтай кешегі» атты Сәкен Иманасов жазған бала туралы өлең берілген.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Балалық шақтай кешегі
бұлдырап барып жоқ болған,
ол да бір ғажап кеш еді
жаныма өшпес от қонған.
Аймалай құшып тұрғанда,
айнала балқып, түн ысып...
Тірі жан жоқтай бұл маңда,
тұрушы ек тілсіз ұғысып.
Сағымдай бәрі өтті ағып,
ит-көңіл жұртта қалды ұлып.
"Ғашығың едім..." — деп барып,
үзілді бір үн
жаңғырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері