Өлең, жыр, ақындар

Сабын

  • 23.03.2018
  • 0
  • 3
  • 9500
(Жеңгем жыры)

Сақарың еді сексеуіл,
Сабыным, сағызша оралушы.
Сабыннан ырым етуші ек,
Оралсаң, ісім оңалшы.
Көйлегім көптен жуылмай,
Кимешек кірлеп кетіп еді.
Бырт - бырт (бидай қуырмай).
Биттің де бейнеті өтіп еді.
Жабағы болды жібек инаш,
Жабылып жаман жабысқақ.
Сыңысып сірке бұрымда,
Қаптап еді қалың қайызғақ.
Сабам сауыс, қасық қақ,
Сатала самсып безде тұр,
Орамалым он батпан,
Баланың басы көз қотыр.
Арулансын астауым,
Мұнтаздансын сапты аяқ.
Өңезден күбім арылсын,
Оны біреу айтпай-ақ.
Ауру - лас, кір - қолаң,
Ауыртып еді мазаны aп.
Арылта жуып, сабындап,
Алайын бәрін тазалап.
Базарда сабын көп дейді,
Адыра қалсын, арзан ба?
Аларлық арзан болмаса,
Жазғы жұт тағы мал - жанға.
Сығалама, қарама,
Еркек аулақ! Қыз қашық!
Абысын байғұс қайда жүр,
Алатын болса бұзаушық.
Сақырла қазан, былғауыш,
Сағыздай сабын оралсын.
Сабыннан ырым етуші ек,
Оралсаң, ісім оңалсын.
Сары ұзын күн сарылып,
Адасқан ит қаңғырып,
Ұлы жол ұзап кеткенде:
Көш қонаға жетеді.
Жадырап жапан, жаз маздап,
Жарлауыттан қаз - қаздап,
Жамырасып жеткенде;
Күн астында алыстан
Басшы барлап шанышқан,
Көріне көзі жеткенге
Найза қылт - қылт етеді.



Пікірлер (3)

Жанылған мұғалім

өте жақсы болды бізде Ілиястану үйірмесі бар соған өлеңдедін тапай жүр едім. Рахмет!

Ахмет

Ақ сабын деген өлеңі
бар ма?

Алия

Ілияс Жансүгіровтың ақ сабын деген өлеңі барын естімеппін. Сабын деген өлеңі бар.

Пікір қалдырыңыз

Орман

  • 0
  • 1

Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең?
Өртедің - ау бөлекше,
Махаббат гүлі ерекше,

Толық

Домбыра

  • 0
  • 2

От шалып, жалын жалап, қозғап қанын,
Шыжғырса қуырдақ қып жанның жанын,
Еріксіз қол қағылды екі ішекке,
Назды мұң, сылқылдақ үн жалғап сарын.

Толық

Өмір бекер өтіпті

  • 0
  • 0

Өмірдің өрін өрмелеп,
Көңілдің өрін көрмеп ек.
Өткелінде кешіп ек.
Қайығында қалтылдап,

Толық

Қарап көріңіз