Апыр-ау, сол бір шақ қайда – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апыр-ау, сол бір шақ қайда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1380
Апыр-ау, сол бір шақ қайда,
айнала тірлік — бәрі айқын,
шашыңнан сыйпап мап-майда,
мақтана жұртқа қарайтын?
Қаланы кезіп кештетіп,
қарамай жанға мұндайда,
егіле сүйіп,
ес кетіп,
еліге құшқан түн қайда?
Айтуға бәрін сөз қайда?
Көз қайда өзім сан өпкен?
Қойсақ па, тегі, созбай да,
озбай да енді әдептен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері