Жеміс – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жеміс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4553
Әлі бала едік біз,
Баланың бар кемісі.
— Алмалар ғой,— дедік біз,
Алма ағаштың жемісі!
Атам айтты:— Таласпа,
Бар мұның бір мәнісі.
Өскенменен ағашта,
Алма да — еңбек жемісі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері