Өтелмес бұл өмірде қарыздармын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1595
Тербетіп талай мені таң атырдың,
Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.
Парызын ең ақырғы өтей алмай
Топшысы сынып жатыр “қанатыңның”.
Өзіңдей жоқ қой енді жанашырым,
Жетімдік басқа түсті, ана, шыным.
Сала алмай бір-ақ уыс топырақты,
Жылайды жақсы көрген “қарашығың”.
Күтіп ем жылдан жылға ержетермін,
Сезбеппін “ит өмірдің” кер кетерін.
Кім білген тобық жұтқан бұл өңештің,
Бір қасық сорпа жүрмей терлетерін?
Емес ем сойы тентек ұрыншақтың,
Зауалын тарттым сонша “зұлым шақтың”.
Жан даусы жетті ме, ана, шыңғырғанда,
Қылбұрау мықтап түскен “құлыншақтың?”.
Тырнағын салып жатыр жауыз қайғы,
Ұлыңа бір жұтым су, ауыз қайғы.
Жұмада, мүмкін, сені жерге берер,
Ал мені тағы да бір “бауыздайды”.
...Айтылмай кетер енді арыздарым...
...Білемін ана алдында парыз барын...
...Анажан, ақ сүтіңді кешіре гөр,
Өтелмес бұл өмірде қарыздармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері