Күдік – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Күдік» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1022
Кетедi кейбiр түнiм силап маған
Жегiнi жан мүжiген – күдiк деген.
Аурудың азабы да қиналтпаған,
Қайғы да менi осынша мүдiртпеп ең.
Не пәле – ақыл ойды жинатпаған
Күтуге атар таңды үмiтпенен.
Байқамай сорлы жанды қинап та алам
Осылай бұл өмiрдi сүрiп келем…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері