Кетті бірге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Жолға аттандың тайпалтып сал күреңмен,
Лажсыз мендей орнында қалды бөлмең.
Қайта айланып білсем де келмесіңді,
Жақынырақ жаныма болды бөлмең.

Бөлме алдында қайыңға құс келеді,
Көктем сайын құбылған түске енеді.
Қайта айланып алдына бара берем,
Кіргізбесін білсем де ішке мені.

Ащы күнмен шаң толған кенезесі,
Сүртілмеді бөлмеңнің терезесі.
Жауған сайын айғыздап кететұғын,
Қозып талай жаңбырдың делебесі.

Кісі жайын жанашыр кісі білмек,
Жасар едім аялап күтімін көп.
Кілті бірақ менде емес сол бөлменің,
Қожайындық жасауға құқығым жоқ.

Күнді қайтем аялдап тоқтамаған,
Сені қайтем сезімді ноқталаған.
Терезеңе қараймын бір кездер,
Ойға батып сыртына көп қараған.

Біз де аттандық соңынан іркілмедік,
Сыр сандыққа жасырып бір күнделік.
Сыныпты әйнек қарап ем ақырғы рет,
Кетті бірге жүрегім тілкімделіп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетті бірге өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Кетті бірге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кетті бірге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетті бірге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері