Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1323
1
Ана тілім – ананың ақ тілегі,
Бесік жырмен бөбектер шат күледі.
Дәмі мәңгі есінде қалып қояр,
Тал бесікте тілімен татты нені.
Бір жасында сәбидің тілі шығар,
Тілмен бірге ұлтының үні шығар.
Ақ сүтімен ананың бойға сіңген
Әрбір сөздің мәнісін дұрыс ұғар.
Ми салмағы күн санап артып тұрар,
Қорғасындай оттағы балқып тұрар.
Жеті жаста толқын ми қалыптасар,
Әр нәрсеге қызыға артып құмар.
Бала сол кез өз тілін толық білер,
Айналаны абайлап шолып білер.
Тыңдап көріп өзге ел тілдерін де,
Керектісін кезінде теріп білер.
Жеті жасқа жеткенше шала күйі,
Бөтен тілмен бұлінсе бала миы,
Не ол емес, бұл емес, ана тілі
Секілденіп қалмай ма дала қиы?

2
Нақ көрсете алмасаң өз бетіңді,
Бөтенсің деп түртерсің көзге кімді?
Айтылғанмен алқада аталы сөз,
Тыңдаушысын таппаған сөз жетім-ді.
Өз ұлтыңның тарихын шала білсең,
Жоғалтқаның байлығын, қарағым, сен.
Тілі, діні еліңнің, салт-санасы –
Үлкен сабақ мәйегін ала білсең.
Соның бәрі тілге кеп тіреледі,
Сәбидің де тілімен түлер өңі.
Өркендедім дегендер өзге тілмен,
Ақырында тұншығып, түнереді.
Көп тіл білген данышпан, ғұламалар,
Ана тілмен көз ашқан, бірақ, олар.
Содан кейін үйренген өзге тілді,
Тау суындай биіктен құлап ағар.
Үйренбегін демейміз өзге тілді,
Айқындап ал алдымен өз бетіңді.
Ана тілін толықтай меңгерген соң,
Кеңістікте кеше бер кезбе күнді.

3
«Біреу еді опағым,
Екеу болды сопағым».
Деген мысал аздай-ақ,
Үшеу қылсақ қатарын;
Тіл тағдыры не болмақ?
Жұрт тағдыры не болмақ?
Ұмыт қалып ұлттық тіл,
Бірте-бірте жоғалмақ.
Тіл жоғалса, не дейсің?
Оны қалай демейсің?
Тілмен бірге тарихтан
Ұлт жоғалды дегейсің.
Ізсіз кетіп қоғамнан,
Ұлттар көп қой жоғалған.
Жанбай жатып, жалп етіп,
Сөніп қалған көп арман.
Десе де өзі аз-ақ қой,
Ұйыған ұлт қазақ қой.
Тілі жайлы, алайда,
Мазалайды азапты ой.
Ана тілі – анамыз,
Ана тілі – данамыз.
Мемлекеттік биліктен
Қалай шеттеп қаламыз?
Ана тілі – ар тілі,
Алдаспандай қарқыны.
Бабалардың нәр тілі,
Балалардың бал тілі.
Жығылмайды туымыз,
Жоғалмайды тіліміз:
Ұлттық ұран үніміз,
Мәңгі сөнбес күніміз.
Бүгінгі тажал тендер болды,
Өте алмай қалсаң,
Асылып өлетін кендір болды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазғы демалыста

  • 0
  • 0

Жаз келеді жайып құшақ
Каникулға аттандық.
Қандай қызық бақытты шақ
Талай істер атқардық.

Толық

Біздің ауыл Бестерек

  • 0
  • 0

Тарбағатай тауының,
Баурайында ауылым.
Тамашалап қайтасың,
Ауылымның сауығын.

Толық

Алып кетем деп келмедім өмірге

  • 0
  • 0

Алып кетем деп келмедім өмірге,
Қалып кетем деп келмедім тегінде.
Ақиқат қой әйтеуір бір өлмегің –
Міндетіңді өткермегің өмірде.

Толық

Қарап көріңіз